$ 507.05  594.82  6.51

Шымкентте 50 млн теңгеге орнатылған дәретхананың тас-талқаны шыққан

Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шымкентте орнатылған смарт-дәретханадар тағы да вандалдардың кесірінен бүлінді. Аталған әжетханалар қаладағы санитарлық жағдайды жақсартып,  қоғамдық мәдениетті көтеру үшін қойылған. Алайда кей адамдар оны дұрыс пайдаланудың орнына әдейі сындырып, зиян келтіріп жүр екен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Смарт-дәретханаларда гүлдерді сындырып кету, кәріз жүйесін бітеп тастау, ішіндегі жабдықтарды бүлдіру сияқты жағдайлар жиі кездеседі екен. Мұндай әрекеттер жобаны жүзеге асырушыларға материалдық шығын келтіріп жатыр. Енді бұл жолы екі белгісіз адам әжетхана ішіндегі техниканы қасақана бүлдірген. Олар фенді сымымен қоса жұлып алған. Жоба менеджері Милана Перемитинаның айтуынша, бұл кездейсоқ емес, әдейі жасалған вандализм әрекеті.

“Фен смарт-дәретхананың толық жұмыс істеуі үшін қажет жабдықтардың бірі. Сондықтан оны жұлып әкету бүкіл жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді”, – дейді ол. 

Аталған оқиғаға байланысты жоба қызметкерлері полицияға арыз жазған. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, мұндай жағдай Шымкентте алғаш рет болып отырған жоқ. Өткен жылы Арбат аумағында белгісіз ер адам фастфуд орындарының есігін құрылыс көбігімен бітеп тастаған. Кейін ол адам ұсталған. Ал биыл болған әрекет қоғамдық мүлікті ұрлау және бүлдіру оқиғаларымен басталып отыр.

Мамандардың айтуынша, бір смарт-дәретхананы орнатуға шамамен 50 миллион теңге кеткен. Сондықтан әрбір бүлінген жабдық бұл бюджетке және жобаны іске асырып отырған адамдарға үлкен шығын.

Осыған байланысты жоба авторлары мен қала билігі тұрғындар және қонақтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырды. Себебі мұндай нысандардың сақталуы ең алдымен қоғамның өзіне байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2