$ 507.05  594.82  6.51

Жол үстіндегі төбелес: Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірген 4 күдікті ұсталды

Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған төбелес салдарынан бір адам көз жұмды. Бұзақылық және адам өлімі фактілері бойынша іздеуде болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адам ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1