Полиция болған жағдайқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
20 қаңтар күні Шымкенттегі Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанынан тағы бір көлік тоқтап, одан шыққан адамдар да жанжалға араласқан. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алды. Салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың біреуі көз жұмды.
Полиция болған жағдайқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
“Шымкент қаласы Полиция департаменті күдіктілерді анықтап, ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды”, – деп хабарлады полициясы.