20.01.2026, 17:40

3 адам қаза тапты: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында үш адам көз жұмды, тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.