20.01.2026, 13:30

«Қатігездікке жол беруге болмайды»: Президент 21 жастағы Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді

Фото: видео скриншот

Президент Ішкі істер министрлігіне қалалық полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Біздің мемлекетіміз құқық пен бостандыққа, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне негізделген. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елдің назарын аудартты. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш түсті. Тексеру барысында күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей қоқан-лоқы жасағаны анықталды, және бұл жағдай ақыры адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің ісіне құқықтық баға беруді тапсырды, ал Бас прокуратура бұл мәселені мұқият тексеріп жатыр», –  деді президент.

Оның айтуынша, қыз алып қашу, адам ұрлау бұл біздің ұлттық беделімізге нұқсан келтіретін өрескел, қатыгез қылмыс.

«Мұндай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың құқықтық санасы өсіп келеді, азаматтық жауапкершілік деңгейі де артуда. Сол себепті заңдағы өзгерістер де осыған сәйкес болуы маңызды. Заң мен тәртіп бәріне ортақ, әрбір азамат заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Құдіретті ұлттық қор мүше кез келген мемлекеттің күші азаматтарымыздың жасампаздық қуатында. Сол арқылы еліміз кез келген кедергі мен тосқауылға қарсы тұрып, табысқа жете алады», – деді президент.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай танысының қолынан қаза тапқан еді.