Жастар санасының өзгеруі қоғамның дамуына оң ықпал етеді.
«Жаңа Адамдар» қозғалысының өңірлік жетекшілері жасалып жатқан жұмыстар жайлы ой бөлісіп, қоғамды өзгерткісі келетін жастардың көбейіп жатқанын айтты. Олар өздерінің тың, креатаивті идеяларымен бөлісті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Жастар санасының өзгеруі қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Қозғалыстың мүшелері жүзге жуық жобаны ойлап тапқан. Олардың сөзінше, қозғалыстың мүшелері әлеуметтік желілерде өте белсенді. Мәселен, «124» және «Заң» деген сынды көптеген науқандық жобалар бар.
Үнсіздік - келісім емес
«Мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керек. Мысалы, көшені күнде тазалай берсеңде, одан қала, көше таазармайды, адамдар бәрібір лақтыра береді. Сол үшін қоқысты көшеге лақтырмайтындай адамдардың санасын өзгерту керек. Үнсіздік -келісім емес, тек күту, қорғану. Азаматтық науқанды қозғалыс деңгейінде қарау керек. Кейбір адамдар келеңсіздіктерге немқұрайлы қарайды, қалыпты жағдай болып кеткен. Адамдар ойлау жүйесін өзгертуіміз керек. Сырттан ешкім келіп бұйрық немесе тапсырма бермейді. 18 бен 35 жас аралығындағы адамдар қозғалысқа қатыса алады немесе өзінің проблемасын айтып, соны шешудің жоларын қарастырады. Өз ісін тапқан адам өзінің ішкі мәселесін шешеді және қоғамға оң әсер ете алады. Біздің қозалысқа мүше адамдар сөздерін іспен дәлелдеп келе жатқан жастар. Мемлекет адам өзгерген кезде ғана жақсы жағына өзгереді, дамиды», - деді «Жаңа Адамдар» қозғалысының жетекшісі Әлем Әліпбаев.
Бүгінде қозғалыстың бөлімшелері 19 облыста ашылған. Барлығында түрлі науқандар өтіп тұрады. Әсіресе қозғалыстың белсенді мүшелері жас балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауда көп жұмыстар атқарды. «Қазақстанды өзгертікісі келетін белсенді жастар өте көп. Бөлімшелеріміз 19 қалада бар. Әділетті Қазақстанды құрғысы келетін жастарға мүмкіндік көп.
Президент бізбен кездескенде «сендерге зор сенім артам» деп арнайы атап өткен еді. Біз ерінбей, қоғамның дұрыс өзгеруіне ат салысып келеміз», - деді қозғалыстың белсенді мүшесі Нұрай Өмірзақова.
Қозғалыстың мақсаты жаңа идеяларды алдыға шығару
«Жаңа Адамдар» ұйымы елдің шығыс өңірінде де белсенді жұмыс істеп келеді. Ұйымға көбінесе студент жастар қызыға қарап, түрлі идеяларымен келеді. Ол идеяны өзі де, оған қызығушы жастармен бірігу арқылы да іске асыруға мүмкіндік беріледі.
«2022 жылы мемлекет басшысымен кездесуде тұтас жастардың санасын өзгерту мәселесі көтерілген. Бізде Жаңа адамдар ретінде өзгерістерден қорықпайтын азаматтар екенімізді дүйім жұртқа жария еттік. Алғашқы кездесуде, жуырда өткен қараша айындағы кездесуде де Президенттің сөздерін тыңдадық. Қазір өзім шығыс өңірлерде көшбасшымын және өңірлерде жақсы өзгерістер болды. Ең өзекті мәселелерді қозғайтын нуқандар ашылды. «Жаңа Адамдар» ұйымын бүкіл Қазақстан таниды. Қолдаудан бөлек сынайтындар да бар. Біздің жұмыс бір мақсатта жасалады. Бұл – қоғамның саналық тұрғыда өзгерісі. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде «Қуатты өңірлер - қуатты мемлекет» деп бұл құндылықтың маңыздылығын атап өткен еді. Соған байланысты біздің қозғалыстың кампусы көптеген қалаларда ашылды. Себебі, бұл тұтас қоғамның өзгеруіне әсер етеді. Ол үшін бізде қоғамның ең өзекті деген мәселелерін көтеріп, еңбекке, білімге деген құштарлықты алдыға қоюымыз керек», - деді Ғазиза Ұлықмақова.