$ 509.94  593.88  6.43

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

Алдын ала диагноз - "жедел лейкоз".

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бақылауда болған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен.

6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

"Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды", - делінген мәлімдемеде.

Алдын ала диагноз - "жедел лейкоз".

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жағдай Ұлттық ұлан бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары