$ 502.57  591.68  6.42

Шымкентте көмірқышқыл газынан 8 адам уланып қалды

"Барлығы дәрігерлердің бақылауында".

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі табиғи газдан уланып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға орнынан құтқарушылар мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері келіп жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай мұржа қауіпсіздік талаптарына сай келмегендіктен болған. 

“Қазір зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Барлығы дәрігерлердің бақылауында. Қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыру, мұржалардың дұрыс орнатылуы мен жарамдылығын қадағалау, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасауға кеңес береміз”, – деп ескертті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар көмірқышқыл газының иіссіз болатынын және адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Тұрғындарды қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарап, алдын алу шараларын елемеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары