$ 504.6  594.27  6.48

Кино өнері қара жамылды: қазақтың «Қожасы» дүниеден өтті

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Фотоколлаж
Фотоколлаж

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев дүниеден озды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер,  сценарист, кинодраматург Нұрлан Сегізбаев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Sn.kz ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қожа