19.12.2025, 13:20

Астанада 2 адам көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды

Фото: Крыша

Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Елордада екі адам көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды. Екі оқиға бір-бірімен байланысты емес, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«18 желтоқсанда «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағынан мәйіт табылғаны туралы хабар түсті. Тексеріс барысында қаза тапқан ер адамның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша ол суицид жасаған», - делінген Астана қаласының Полиция департаментінің хабарламасында.

Шамамен осы уақытта қаланың басқа бөлігіндегі тұрғын үйдің 18-ші қабатынан әйел адам құлап кеткен.

Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.