17.12.2025, 11:20

«Мәйіт 3 апта жатқан»: Атырауда пәтерден ер адамның денесі табылды

Фото: pixabay

Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар кіреберісті өз күшімен ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.

Атырауда Береке ықшамауданындағы № 24 үйде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде бір-ақ белгілі болған. Осыған дейін кіреберісте қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған, дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар кіреберісті өз күшімен ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.

«Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, «Белизнамен» жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрыс екенін де білмейміз», - дейді көршілердің бірі. 

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.