17.12.2025, 10:50

FlyArystan тағы да жолаушыларды әуре-сарсаңға салды

Фото: видеодан скрин

Жолаушылардың айтуынша, әуе компаниясы тарапынан нақты түсіндірме де, ресми ақпарат та берілмеген.

Ақтөбе – Ақтау бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының рейсі бірнеше рет кейінге шегеріліп, жолаушылар тәуліктен аса әуежайда күтуге мәжбүр болды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда жаңа рейс те орындалмай, екі ұшақтың бірдей жерде тұрып қалғаны айтылып жатыр. Жолаушылардың айтуынша, әуе компаниясы тарапынан нақты түсіндірме де, ресми ақпарат та берілмеген.

FlyArystan өкілдері жағдайға байланысты ешқандай жауапкершілік танытпай отыр деген шағым көп. Әлеуметтік желіде жолаушылар компаниядан рейстің не себепті кешігіп жатқанын және нақты ұшу уақытын ашық айтуды талап етуде. Бұл жағдай FlyArystan-ның жолаушылар алдындағы міндетіне салғырт қарайтынын тағы бір мәрте көрсетті.