2025 жылғы 12 қарашада 2026 жылы қабылдау үшін ҰБТ межелік баллдары жарияланған болатын.
Бүгін, 2025 жылғы 15 желтоқсанда, Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:
қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет); негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.Кім қатыса алады?
Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ; Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз; "Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.2025 жылғы 12 қарашада 2026 жылы қабылдау үшін ҰБТ межелік баллдары жарияланған болатын.