15.12.2025, 19:20

СҚО-да құс фабрикасында алапат өрт шықты (ВИДЕО)

Zakon.kz/Павел Михеев

Зардап шеккендер жоқ.

2025 жылғы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Якорь ауылындағы құс фабрикасы қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірдегі ТЖД мәліметіне сүйенсек, фабрика аумағындағы конвейер таспасы жанып, артынша өрт ғимараттың шатырына ауысқан. Бұл уақытта, оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндірушілер шатырдың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді, бұл өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Тегтер: СҚО өрт