Жолаушылардың айтуынша, рейс кейінге шегерілсе де, әуеакомпаниялары жауапкершіліктен қашып, айыппұлсыз құтылады.
Әлеуметтік желіде әуе рейстерінің кешігуі мен жолаушылардың құқығы тапталып жатқаны туралы видео кеңінен талқылануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жолаушылардың айтуынша, рейс кейінге шегерілсе де, авиакомпаниялар жауапкершіліктен қашып, айыппұлсыз құтылады. Ал ұшуды күткісі келмей, басқа әуе компаниясының рейсіне билет тапсыруға мәжбүр болған жолаушы керісінше айыппұл төлейді. Тіпті сол әуе компаниясының өз рейсіне қайта бронь жасаудың өзі қосымша ақыға шығады. Заң бойынша, 2020 жылдан бері кейбір әуе билеттері қайтарымсыз деп танылып, жолаушылардың авиакомпанияларға шағымдануына және сотқа жүгінуіне шектеу қойылған. Бұл жағдай жолаушыны қорғансыз күйге түсіріп, авиакомпанияларды жазасыз қалдырып отыр деген сын көбейді. Қоғам белсенділері мен заңгерлер мемлекет әуе тасымалы саласындағы бақылауды күшейтіп, жолаушы құқығын нақты қорғауы керек деп есептейді.