Бұған дейін Бас прокуратура экс-төрағаның «Қорғас ісіне» қатысы барын растаған.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Антикордың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеуге пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Депутаттың сөзінше, егер Қожамжаровтың қылмысы дәлелденсе, Қазақстан оны Ресейден экстрадициялауды талап етуге құқылы. Бәпи Қожамжаровпен таныс емес, оның қызметін тек БАҚ арқылы білгенін айтты.
Бұған дейін Бас прокуратура экс-төрағаның «Қорғас ісіне» қатысы барын растаған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
Р ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.