10.12.2025, 10:30

Қостанайда құстар қырылып жатыр: Жергілікті әкімдік зертханалық қорытындыны мойындамай отыр

Фото: Видеодан алынған кадр

Кәсіпкерлер мұндай жағдайлар саладағы бақылаудың әлсіздігін, ал ауылдағы шаруалардың мәселесі қағазда ғана “шешілетінін” айтып, дабыл қағуда.

Қостанай облысында тоғыз жылдан бері қаз өсіріп келе жатқан кәсіпкер Жанат Ғаббасов соңғы екі аптада құстарының жаппай қырылғанын айтады. Оның сөзінше, ол облыстық ветеринарлық инспекцияға да, әкімдікке де бірнеше рет жүгінгенімен, ресми қойылған пастереллёз диагнозы өтемақы берілетін аурулар қатарына кірмейтіндіктен, шығынды өтеу мәселесі шешілмей тұр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.  Кәсіпкер мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін өз қаражатына құс үлгілерін Алматыдағы Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтына жіберген. Сараптама нәтижесі құстардан жоғары қауіпті құс тұмауының H5N1 штаммын анықтаған. Алайда оның айтуынша, жергілікті ветеринарлық станция бұл тәуелсіз сараптаманы қабылдаудан бас тартып отыр. Кәсіпкерлер мұндай жағдайлар саладағы бақылаудың әлсіздігін, ал ауылдағы шаруалардың мәселесі қағазда ғана “шешілетінін” айтып, дабыл қағуда.