09.12.2025, 18:30

Астанада «Гамма» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Фото: Астана тұрғындарынан

Оқыс оқиға елорданың Нұра ауданындағы Бектұров көшесінде болған.

Оқыс оқиға елорданың Нұра ауданындағы Бектұров көшесінде болған, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше, көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртке оранған.

— Осы сәтте елордалық құтқарушылар Нұра ауданы Бектұров көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндіріп жатыр. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады, — делінген хабарламада.

ТЖМ дерегіне сәйкес, 112-ге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.