Білім бөлімі мен облыстық басқарма бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге тиіс.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба Атырау облысы Құрманғазы ауданында үлкен дау тудырды. Видеода мұғалімнің бір оқушыны шалбарынан ұстап, партаға лақтырып, басқа балаларға да дөрекі әрі қорлайтын түрде сөйлегені анық көрінеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, бұл оқиға өткен жылы болған, алайда жазба мессенджер чатарында тек қазір тарап жатыр. Ең назар аударарлық жайт - кадрға түскен педагог жуырда осы ауданның басқа мектебіне директор болып тағайындалған.
Бұл шешім қоғамда заңды сұрақтар туғызды: мұғалімнің әрекеті үшін қызметтік тексеріс жүргізілді ме, оған қандай баға берілді, және ең бастысы - мұндай мінез-құлық оның мансаптық өсуіне неге кедергі болмаған? Білім бөлімі мен облыстық басқарма бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруге тиіс. Себебі мектеп - балалар өзін қауіпсіз сезінетін және құрмет көретін орын болуы қажет. Осындай оқиғалар назарсыз қалса, бұл тек бір педагогтың қателігі емес, бүкіл жүйенің әлсіздігін көрсетеді.