03.12.2025, 19:10

Депутат: Банктер заңсыз үйлерге несие беріп, жемқорлыққа жол ашты

Фото: Baq.kz

Әбенов бұл істі парламенттік деңгейде көтеріп, арнайы тексеріс жүргізілмейінше мәселе шешілмейді деді.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Алматыдағы ЖК Montblanc төңірегіндегі дауға тоқталып, банктердің әрекетін ашық түрде сынға алды. Ол заңсыз салынған нысандарға несие берілуін «жемқорлықтың нақты көрінісі» деп атады.

Әбеновтың айтуынша, рұқсатсыз салынған үйге несие беру – банк қызметкерлері мен жауапты органдар арасындағы жасырын келісімнің белгісі болуы мүмкін. Депутат барлық несие рәсімдерін, құжаттардың қалай тексерілгенін және кім қол қойғанын толық зерттеуді талап етті. Оның сөзінше, қарапайым халықты қарызға батырып, үйсіз қалдыру – мемлекеттік бақылаудың әлсіздігін ғана емес, банк жүйесінің ашық жұмыс істемейтінін дәлелдейді.

Әбенов бұл істі парламенттік деңгейде көтеріп, арнайы тексеріс жүргізілмейінше мәселе шешілмейді деді. Депутаттың қатқыл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс туғызып, банктердің жауапкершілігіне қатысты жаңа сұрақтарды алға шығарды.