$ 508.2  589.82  6.54

Жолаушы қаза тапты: Көлсайда туристер мінген көлік аударылып қалды (ВИДЕО)

Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен.

Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары