Желі қолданушылары бұл көріністі ерсі қабылдап, түрлі пікір жазған.
Желіде Бақдәулет есімді жігіттің қыз ұзатқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әншінің өзі жазды.
"Ер бала ұзатты", - деді ол қыздың қолынан ұстап ортаға алып шыққан видеосын жариялап.
Желі қолданушылары бұл көріністі ерсі қабылдап, түрлі пікір жазған.
"Соншалықты ұзататын ешкім жоқ па", "Інім, әнші болуды армандаған шығарсың. Бірақ мына киім өте нәзік қыздар киетін жилет қой", "Мына баланың өзі ұзатылатындай нәзік екен", "Аққудың да еркегі болады, дегендей болып тұр ғой", "50 жылдан кейін еркектерді ұзатамыз", "Құдай сақтасын осындай жігіттен", "Жанболаттың Жазирасы ұрып кетпесін", деп жазды олар.
Белгілі болғандай жігіт туған әпкесін ортаға алып шыққан екен.
"Әпкем. Ешкім ұзатқан жоқ. Тек арнаумен алып шығып жездесіне табыстады!", - деді видео авторы.