Байқоңырдан 27 қараша күні көтерілген «Союз МС-28» ғарыш кемесі.
Ұлытау облысының аумағына «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының бір бөлігі құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Байқоңырдан 27 қараша күні «Союз МС-28» кемесімен бірге ұшқан ракета жоспарланған бағдармен көтерілгенімен, оның бөлінетін сатысы облыс жеріне түскені белгілі болды. Мамандар зымыранда керосин негізіндегі жанармай қолданылатынын, ол ұшу кезінде толықтай дерлік жанып кететіндіктен, уытты қауіптің аса жоғары емес екенін айтады.