Миллиондаған көрермен сүйіп тамашалайтын журналистің қазасы көпшілікті терең қайғыртты.
GOAL KZ парақшасы белгілі спорт жаңалықтарының жүргізушісі Диля Ибрагимованың қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Миллиондаған көрермен сүйіп тамашалайтын журналистің қазасы көпшілікті терең қайғыртты. Осыған дейін Диля ауыр дертімен күресіп жүргенін жазған еді. Ол жағдайын былай сипаттаған:
«Талып қалу, бас айналу, аяқтарым мүлде тыңдамай қалды. Мүлдем күш жоқ. Мені аямаңыздар, онсыз да одан бетер қиындап кетеді. Білемін – мен бұл сынақтан өтемін. Ұлым үшін күресуге тиіспін», – деп жазған болатын.
Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Оның кәсіби еңбегі мен жылы жүзін көрермен әрдайым ерекше бағалайтын.
Sn.kz редакциясы Диля Ибрагимованың қазасына байланысты жақындарына қайғыра көңіл айтады.