27.11.2025, 13:20

«Қызғаныш себеп болды»: Талдықорғанда әйелін атпен сүйреп өлтіру ісіне қатысты сот басталды

Фото: коллаж Sn.kz

Негізгі сот отырысы 5 желтоқсан күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Кісі өлтіру ісі бойынша алғашқы сот отырысы Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында судья Әділет Бақытовтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сотталушы – 1992 жылы туған Айбар Жанболат. Сот отырысы кезінде қорғаушы тарап тыңдауды жабық форматта өткізу өтінішін білдірді. Алайда сот өтінішті қанағаттандырмай, сот процесін ашық қалдырды.

Тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға болған күні сотталушы алкогольдік мас күйінде болған. Айзатты ұрып-соғуға қызғаныш себеп болған.