27.11.2025, 11:25

«Жалғызтөбемұнай» жұмысшылары тағы да дабыл қақты: ұжымдық шарт орындалмай жатыр

Фото: видеодан скрин

25 қарашада түсірілген мәлімдемеде олар құжаттағы 3.8, 5.93 және 5.95 тармақтар мүлдем орындалмағанын мәлімдеп, талаптардың толық орындалуын сұрады.  

Маңғыстау облысында «Жалғызтөбемұнай» компаниясының жұмысшылары ұжымдық шарттың толық орындалмай жатқанын айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

25 қарашада түсірілген мәлімдемеде олар құжаттағы 3.8, 5.93 және 5.95 тармақтар мүлдем орындалмағанын мәлімдеп, талаптардың толық орындалуын сұрады. Жұмысшылардың айтуынша, былтыр күзден бері олар еңбек инспекциясына, прокуратураға және Еңбек министрлігіне бірнеше рет шағым түсірген, бірақ нәтиже шықпаған. Ал Еңбек министрлігі биыл мамырда «еңбек заңнамасы бұзылмаған» деген қорытынды жіберген. Қызметкерлер мұндай жауаппен келіспей, жағдайды ашық айтуға мәжбүр болғанын айтады.