27.11.2025, 11:20

Тоқаев ҚХР Төрағасына жеделхат жолдады

Фото: Pixabay

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты. Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.