25.11.2025, 00:30

Түркістанда мұнай базасында алапат өрт болды (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Түркістан қаласында Саттарханов көшесінде орналасқан мұнай базасынан өрт шығып, от тез тарала бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер шалт әрекет етіп, тез жұмыс істеді: өрт оқшауланып, толығымен жойылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!