$ 518.19  597.32  6.43

Тоқаев Ақордада Пашинянды салтанатты түрде қарсы алды

Кейін Армения Премьер-министрі Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ақордада Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшы мен Армения Премьер-министріне сәлемдік баянат берді.

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Кейін Армения Премьер-министрі Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары