Жаңа дәуір келеді, ескі дәуір кетеді.
Журналист Жанат Бақыт жаңа дәуір келіп, Алланың миссиясы біткенін айтты. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
”Жаңа дәуір келеді, ескі дәуір кетеді. Сол кездегі Алланың бейнесі бізге қатал ұстаз сияқты болу керек болды. Біз Құдайды делдал арқылы, дін арқылы, шіркеу, ұстаздар арқылы тануымыз керек болды, намаз оқуымыз керек болды. Ал енді дәуір келді. Алланың миссиясы бітті. “Жүректеріңе Алланың өзі келіп тұр, ешқандай делдал болмайды” деп айтқанымды қазір де қайталаймын. Тек мені түсінбеді. Санамыз сондай деңгейге түсіп кетті. Хайп пен шоу керек болды, жоғарыдағылар оны біледі. Журналистер не деді? “Алланың миссиясы бітті” деген екі сөзді қосып, шулатып жіберді”, — деді Жанат Бақыт.