$ 518.19  597.32  6.43

Мектептен өрт шықты: Петропавлда 540 оқушы эвакуацияланды

Білім басқармасы бүгін сабақтарды толық тоқтатып, оқушыларды дистанциондық оқуға жіберді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Петропавлдың Береке шағын ауданындағы №25 мектепте таңғы сабақтар шұғыл тоқтатылып, 540 оқушы мен 90 қызметкер дереу эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқушылар ғимаратқа кіре бергенде төбеге жақын бөліктен түтін шығып, ата-аналар дүрлігіп қалды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, мәселе – төбеаралықта орналасқан сымдардың қысқа тұйықталуынан туындаған. Құтқарушылар жағдайды уақытылы бақылауға алып, өрттің таралуына жол бермеген.

«Ашық жалын болған жоқ, түтін сымдардың жанында пайда болған. Қазір себебі анықталып жатыр», – деді облыстық ТЖД өкілі.

Білім басқармасы бүгін сабақтарды толық тоқтатып, оқушыларды дистанциондық оқуға жіберді. Ертең мектептің қалыпты режимде жұмыс істеуі жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары