$ 518.19  597.32  6.43

Маңғыстау тұрғыны полицияның көз алдында өзін өртеп жібермек болды (ВИДЕО)

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында ер адам полиция қызметкерлерінің көзінше өзіне өрт қоймақ болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ер адамның өзіне өрт қойған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Патрульдік полиция қызметкерлері тас жол бойында қозғалыс ережесін бұзған жүргізушінің көлігін тоқтатқан. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Біраз уақыттан кейін ол өзі полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетіне келіп, қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдірген. Бақылау-өткізу пунктінде ол өзіне сұйықтық құйып, өртемек болды.

Полиция қызметкерлері оның әрекетінің алдын алып, ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.

“Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр”, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары