18.11.2025, 18:40

«Тіл қатпастан бізді тастап кеттің»: Астаналық фельдшердің қайын апасы келінін жоқтады

Фото: nazerke_zeinel парақшасынан

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды. 

Елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, алған жарақатынан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайын апасы келінін жоқтап жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды. 

"Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім, мына өмірге сыймай кеттің-ау. Аллам өзі алып кетті-ау арамыздан. Жарқ етіп жанған жұлдызым-ау… Өміріңді қиып басқаны құтқарып өзің бізді тастап кеттің-ау тіл қатпастан, бір ауыз сөзге де келмей… Аллам, Жәннаттың төрінен орын берші… Алланың ісіне көнеміз басқа амал бар ма? Біз сенімен мақтанамыз, сен батырсың", - деді марқұмның жақыны Назерке Зейнел. 

Желі қолданушылары қайғыға ортақтасып, түрлі пікір жазды.