13.11.2025, 11:30

Қарағандыда шатыр опырылды: тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр

Фото: видеодан скрин

Қазір тұрғындар әкімдікке, төтенше жағдайлар қызметіне және барлық жауапты мекемелерге ресми түрде көмек сұрап жүгінген.

Қарағандыда қатты жел кезінде үйдің төбесінен құлаған бетон бөлігі тұтас бір ғимараттың шатырын опырып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алайда тұрғындар бірнеше күннен бері үрей құшағында өмір сүріп отыр — жел тұрса, көшеге шығуға қорқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 37 жыл бұрын салынған көпқабатты үйдің бетон тіреулері әбден тозған, шатырдағы плиталардың арасы үгітіліп, кез келген сәтте құлап түсуі мүмкін. Инженерлік сараптама да конструкциялардың қауіпті жағдайда екенін көрсеткен.

Бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жөндеу жұмыстары тұрғындардың өз қаражаты есебінен жасалуы тиіс. Ал көпшілік мұны «әділетсіз шешім» деп санайды.

Қазір тұрғындар әкімдікке, төтенше жағдайлар қызметіне және барлық жауапты мекемелерге ресми түрде көмек сұрап жүгінген. Олар «жаңбыр не желдің әр екпіні өлім қаупіне айналып бара жатыр» деп дабыл қағуда.