02.11.2025, 10:30

«Күйеу жігітін танымай қалған»: Таразда ұрланбақ болған қалыңдық оқиғаның мән-жайын айтты

Фото: видеодан скрин

Алайда ол өзіне күтпеген жерден "құда түсу" әрекеті жасалатынын ойламаған.

Таразда қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің ісі бойынша сотта қыз алғаш рет өз нұсқасын айтты. Ол оқиға кезінде күйеу жігітін танымай қалып, қорыққаннан көмек сұрағанын жеткізді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыздың сөзінше, ол жігітімен алты жылдан астам уақыттан бері таныс және араласып жүрген. Екеуінің арасында келісім болып, тіпті көктемде үйлену туралы әңгіме де қозғалған.

Алайда ол өзіне күтпеген жерден "құда түсу" әрекеті жасалатынын ойламаған.

"Біз алты жылдан бері араласамыз. Үйлену жайлы сөйлескенбіз, бірақ көктемде болады деп келіскен едік. Мені алып қашады деп мүлде ойламадым. Алғашында кім екенін де түсінбедім. Көлікке отырған кезде ғана рөлде жігітімді көрдім. Бағдаршамның жанында тоқтағанда түсіп қалып, үйге кеттім", – деді ол сотта.