01.11.2025, 13:30

«Ешкімнің нақсүйері емеспін»: Танымал коуч баю үшін біреудің тоқалы болу керек деген мифті жоққа шығарды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мен өз-өзімді жасап шыққан Selfmade адаммын.

Танымал ментор, «Mama-Mentor» жобасының авторы Венера Байжігіт қыздарға баю үшін, біреудің тоқалы болуы міндетті емес екенін кесіп айтты. Бұл туралы ол журналист Әсел Қожақоваға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Голграммдар келіп, айфонның бәрі артта қалады. Балалардың көзінше ұрыспаңыздар. Қазір адекватты емес адамдар өте көп. Менің оқушыларым қазір еліміздің басқарушыларының қатарында қызмет етіп жатыр, шетелдерде жұмыс істейді. 

Егер балаңыз университет бітіргеннен кейін өз күнін өзі көріп, ақша тапсын десеңіз, бала күннен қатаң тәртіпке үйретіңіз. Мен ешкімнің нақсүйері, тоқалы да емеспін. Мен өз-өзімді жасап шыққан Selfmade адаммын», — деді ол.