$ 530.47  613.75  6.56

Қазақстан полициясы боксшы Дмитрий Биволдың әйеліне іздеу жариялады

Еске салайық, әлеуметтік желіде қырғыз халқын қорлайтын сөздер айтылған бейнероликтер таратқаны үшін Екатерина Биволдың үстінен іс қозғалған болатын.

Фото: Getty Images / @bivol_kate
Фото: Getty Images / @bivol_kate

Қазақстан полициясы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды", – деп мәлімдеді полициядан.

Еске салайық, әлеуметтік желіде қырғыз халқын қорлайтын сөздер айтылған бейнероликтер таратқаны үшін Екатерина Биволдың үстінен іс қозғалған болатын.

Осыған байланысты Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды және оған халықаралық іздеу жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары