$ 530.07  615.2  6.58

Қазалыда тротуар дауға айналды: тұрғындар «әкімдік көзбояушылықпен айналысты» дейді

50 жылдан бері құрылыс саласында жүрген сарапшылар мұндай тротуардың ұзаққа шыдамайтынын айтады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазалы тұрғындары жаңа салынған тротуардың сапасына наразылық білдіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуларынша, жұмыс «жоспар орындалды» деп есеп беру үшін ғана жасалған.

Кей учаскелерде асфальт қисық төселіп, кей жерлерде жаңбыр суы жиналып қалады. 50 жылдан бері құрылыс саласында жүрген сарапшылар мұндай тротуардың ұзаққа шыдамайтынын айтады.

«Бұл – сапаны емес, есепті ойлаған жұмыс», – дейді сала ардагері.

Ал әкімдік өкілдері «жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ» деп қысқа қайырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары