$ 530.47  613.75  6.56

«Уәде етілген субсидияны күтіп шаршадық» – Қарағанды облысының фермерлері наразылық білдірді

Олардың айтуынша, биыл егін егіліп, өнім жиналғанымен, төлемдер уақытында берілмей отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының фермерлері мемлекеттен күткен субсидияның әлі төленбегеніне шағымдануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, биыл егін егіліп, өнім жиналғанымен, төлемдер уақытында берілмей отыр.

Көптеген шаруалар несиесін өз күшімен жауып, банктерге 20 пайыздан жоғары өсім төлеп отырғанын айтады.

“Біз барлық талапты орындадық, бірақ мемлекет өз уәдесін орындамай отыр”, – дейді олар.

Кейбірі еңбекақы мен салық төлеуде қиындық көріп жатқанын жасырмайды. Фермерлер үкіметтен нақты шешім қабылдап, субсидия қарызын өтеуді талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары