Тұрғындардың бірі зардап шекті.
Газ жарылысынан көпқабатты үй қирады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдай бүгін Түркістан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында болды.
Тұрғындардың бірі зардап шекті.
Пәтерлердің басым бөлігі қалпына келтіруге келмейді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – газ жүйесіне рұқсатсыз қосылған құрал, деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Үйге газ беру уақытша тоқтатылды, мамандар мүмкін болатын ақаулар мен газдың шығу жолдарын анықтап жатыр.
Сонымен қатар, газ қызметі рұқсатсыз қосылудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.