31.10.2025, 00:30

Елдос Сметов жұртқа су жаңа көлігін көрсетті

Фото: yeldos60kg/instagram

Жаңа темір тұлпар жайлы жаңалықты алғаш болып спортшының бауыры Жандос Сметов әлеуметтік желіде бөлісті.

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов көпшілікке жаңа көлігін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа темір тұлпар жайлы жаңалықты алғаш болып спортшының бауыры Жандос Сметов әлеуметтік желіде бөлісті.

– «Тұлпарың құтты болсын, бауырым!», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Постқа Елдос Сметовтың жаңа көлігінің қасында түскен суреті де қоса жарияланған. Кейін спортшы бұл фотосуретті өз парақшасында бөлісіп, жанкүйерлерінен құттықтау пікірлер алды.