29.10.2025, 17:15

Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб Ұлттық музейді аралады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды. Мемлекеттер басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.