$ 538.13  624.88  6.64

Өскеменде жарыс соңы төбелеске ұласты: Тергеу басталды

Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ресми ақпарат берді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында спортшылардың жаппай ерегісуіне қатысты полиция тергеу амалдарын қолға алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ресми ақпарат берді.

Оқиға Жекпе-жек сарайында дзюдодан өткен облыстық жарыс кезінде болған. Әлеуметтік желіге видео таратқан куәгерлердің айтуынша, жанжал шыққан соң спортшылар мен жаттықтырушылар арасында жаппай төбелес болған.

– Полиция оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталған. Істің мән-жайын жан-жақты және толық анықтау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары