$ 538.13  624.88  6.64

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Дүмпулер Стамбул, Измир және елдің өзге де қалаларында сезілген.

Фото: риа новости
Фото: риа новости

27 қазан кешкісін Түркияның батыс бөлігінде жойқын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Балыкесир провинциясында, шамамен 6 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Anadolu Ajansı агенттігінің хабарлауынша, дүмпулер Стамбул, Измир және елдің өзге де қалаларында сезілген.

Қорқып қалған тұрғындар үйлерінен пижамамен жүгіріп шығып, қауіпсіздік баспалдақтарымен төмен түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір ғимараттар қираған, электр жарығы мен су беру жүйесінде үзілістер байқалады. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Балыкесирде мектеп сабақтары бір күнге тоқтатылды. Ал мешіттер мен спорт залдары тұрғындарға уақытша баспана ретінде ашылған. 112 жедел қызмет орталықтарына 504 хабарлама түскен, оның 25-і ғимараттардың зақымдануына қатысты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеп, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары