26.10.2025, 10:00

Тоқаев Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.