11.10.2025, 22:30

Жетісуда 5 адамның өліміне себеп болған жүргізушінің тағдыры шешілді

Фото: Pixabay

Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған.

Жетісуда бес адамның өліміне кінәлі деп табылған жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан. 

– Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты. Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген ақпаратта.

Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі.