11.10.2025, 15:30

Трамптың қазақстандық орындаушы Скриптониттің әнімен гольф ойнап жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Кай Трамп бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жүрген видео жариялады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың немересі Кай Мэдисон Трамп атасымен бірге гольф ойнап жүрген видео жариялады. Видеода қазақстандық орындаушы Скриптониттің “Не расслабляйся” әні ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дональд Трамптың үлкен немересі Кай Трамп 18 жаста, YouTube-та алтын және күміс батырмаларға ие блогер, әрі кәсіби гольф ойыншысы.

Кай Трамп бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде атасымен бірге гольф ойнап жүрген видео жариялады. Видеоға қазақстандық рэп орындаушысы Әділ Жәлеловтің (Скриптонит) “Не расслабляйся” әні қосылған. Жазбаға жазылған пікірлерде қазақстандық орындаушының жанкүйерлері қыздың музыкалық талғамын мақтап жатыр.

Тегтер: trump usa donaldtrump golf