Биылдың өзінде елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биылдың өзінде елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1600 адам ажал құшып, 35 мыңнан астамы түрлі жарақат алыпты. Жолдағы ажал санынан Ресей мен АҚШ көш бастап тұр. Үшінші орында Қазақстан. Бұл статистиканы БҰҰ-ға қарасты Еуропалық экономикалық комиссия жариялады.
Зерттеуге сәйкес, жол апаттарының 90%-ға жуығына жүргізушілердің қателігі себеп болады екен. Әсіресе жылдамдықты шамадан тыс асыру талай жанның өліміне әкелген. Ал жол-көлік оқиғаларының қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан.