10.10.2025, 23:30

Шымкентте перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр. 

Шымкенттегі перзентханада көз жұмған 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр. 

“Әйел көз жұмған медициналық мекемеде денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Тергеудің мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген полиция хабарламасында.