Олардың айтуынша, күдіктілердің бірі облыстық прокуратура қызметкерінің туысы болғандықтан, тергеу әдейі созбалаңға салынып отыр.
Қарағандыда бес жасөспірімнің колледж студентіне қарсы қатыгез әрекет жасағаны туралы ақпарат қоғамды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тергеу дерегінше, оқиға жеті ай бұрын болғанымен, бейнежазба әлеуметтік желіге тарағаннан кейін ғана көпшілікке белгілі болған. Жәбірленушінің ата-анасы істің ұзаққа созылып жатқанын айтып, әділдік талап етуде.
Олардың айтуынша, күдіктілердің бірі облыстық прокуратура қызметкерінің туысы болғандықтан, тергеу әдейі созбалаңға салынып отыр.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасуда. Ал қоғам әділ тергеу жүргізуді және кінәлілердің жазадан құтылмауын талап етуде.